Смайлова Гулбану Жаксылыковна » №139 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№139 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Смайлова Гулбану Жаксылыковна
25
апрель
2024

Смайлова Гулбану Жаксылыковна

ӨМІРБАЯН


         Смайлова Гулбану Жақсылыққызы 1971 жылы 13 наурызда Қызылорда облысы  Сырдария ауданы  Айдарлы ауылында дүниеге келді. 

1978-1988 жылдары Айдарлы ауылындағы №139 Амангелді атындағы орта мектебінде жалпы орта білім алды. 

Смайлова Гулбану Жақсылыққызы 1991 жылы Қызылорда қаласындағы М. Мәметова атындағы педагогикалық училищесін үздік дипломмен бітіріп, Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы №139 орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 

2000-2005 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш сыныптың педагогикасы мен әдістемесі» факультетінде грант негізінде сырттай білім алды.

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» деп тегін айтылмаса керек. Ұстаз – болу адалдықты, ізденімпаздықты, еңбекқорлықты басты мұрат тұтқан мамандық. Ендеше, осы мамандықтың қыр-сырын жетік меңгерген, іс-тәжірибесі облыс, республика көлемінде кең таралған жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, ІІІ санатты басшы.  Смайлова Гулбану – бүгінде облыс әкімінің білім беру саласы қызметкерлеріне тағайындалған сыйақысымен марапатталған миллионер ұстаз. 

Алғаш келген күннен өзінің жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсете білген Гүлбану көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 1992 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» сайысында І орын, 1993 жылы «Үздік сынып жетекшісі» аудандық байқауынан І орын иеленіп, өз тәжірибесін жинақтады. 1993-1996 жылдары аудандық «Атаулы мектеп» мүшесі, 1997-2000 жылдары – «Ізденіс» шығармашылық топ жетекшісі, 2001-2004 жылдар аралығында бастауыш сынып әдіс бірлестігінің жетекшісі болды. 2004-2007 жылдары мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары, 2007-2013 жылдары мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, 2013 жылы маусым-қазан айлары аралығында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2013 жылдың 2 қазанынан бастап мектеп директоры қызметін атқарып келеді. Мектепті басқару қызметінде Гүлбану өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін, еңбек ету мен ізденуді мұрат тұтқан, барлық күш жігерін шәкірт тәрбиесіне арнаған мәдениеті жоғары, парасаты биік басшы.  

Смайлова Гүлбану өз мамандығын игеріп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде біліктілігін арттырып отырды. 2005 жылы Ресей университетінен «Білім менеджменті» бағдарламасы бойынша көшпелі білім жетілдіру курсынан, осы жылы лауазымы бойынша «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мектептің оқу-тәрбие үрдісін басқарудың тұжырымдамалық негіздері» курсы бойынша дәріс алып шықты. 2008 жылы «Мектептің даму бағдарламасын жасау жолдары» тақырыбында өз біліктілігін арттырды. 2008 жылы пәні бойынша «Бастауыш білім беру деңгейінде жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі», 2009 жылы лауазымы бойынша «12 жылдық білім беру жүйесінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары» және Ж. Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 2013 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагог кадрларды біліктілігін арттыратын Республикалық институтының профессоры Г. К. Меңдіғалиеваның қатысуымен өткен «Мектепішілік аудит: Оқу үрдісінің сапасын критериалды бағалау» тақырыбындағы мектеп директорларының оқыту семинарына қатысып, олыстық ПҚБАИ- ның сертификатын иеленді.

2013 жылы «Білім беруді жаңарту жағдайындағы менеджмент негіздері» тақырыбындағы мектеп директорларының облыстық семинарға қатысты.

2014 жылы «Жас жеткіншектерді өмірге бейімдеудегі қосымша білім беру орталығының маңызы» тақырыбындағы мектеп директорларының облыстық семинар -кеңеске қатысты.

2014 жылы «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі. Қолдану іс-тәжірибесі және жетілдіру мәселелері» бағдарламасы бойынша оқу бітіргені үшін ҚР Кәсіподақтары Федерациясының оқу әдістемелік орталығының сертификаты берілді.

Смайлова Гүлбану шығармашылықпен, жаңашылдықпен жұмыс жасай білетін маман. 2005 жылы «Мектеп директорының бастауыш сынып орынбасарлары» аудандық сайысында жоғары кәсіптік деңгейі мен шығармашылық жұмыстарымен ерекшеленіп, ІІ орын иегері атанды. 2008 жылы облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен өткен «Күзгі балл – 2008» кешінің «Көркем сөз шебері» номинациясының иегері атанды. 

     2009 жылы облыстық шығармашыл мұғалімдердің «Жазғы тәжірибе» алаңы жұмысына қатысып, өзін жақсы қырларымен таныта білді. 

     2009 жылы «Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жағдайында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың мазмұнын жетілдірудегі жаңа қадамдар» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. 

2010 жылы «Үздік бағдарлы оқыту орынбасары» сайысына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

2014 жылы «Білім беру ұйымдарын басқарудың жаңаша амалдары» тақырыбындағы мектеп директорларының оқыту семинарына қатысып, облыстық ПҚБАИ ның сертификатын иеленді. Аталған семинарда үздік баяндама жасағаны үшін облыстық ПҚБАИ ның Алғыс хатымен марапатталды.

Смайлова Гүлбану 2010, 2011, 2012 жылдары Мемлекет Аралық Бақылау кезінде Министрлік өкілі және аудандық білім беру мекемелерін аттестаттау комиссиясының мүшесі болды. 2011 жылы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің Алғыс хатымен марапатталды. 2013 жылы ҰБТ-де Министрлік өкілі болып, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің Алғыс хатымен марапатталды.

     Смайлова Гүлбану ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әдістемелік шеберлігі мол, тәжірибелі маман. Гүлбану бастауыш сыныптарда сабақ өткізу әдістемесін жақсы меңгерген, ерінбей ізденетін тәжірибелі ұстаз. Өз ісіне тиянақты, әрбір сабағын тиянақты даярлықпен тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып мазмұнды да қызықты етіп өткізеді. 2010 жылы «Оқытудың жаңа үлгісі – білім сапасының негізі» тақырыбында облыстық семинар, 2013 жылы «Мұғалімдердің қәсіби құзыреттілігі – нәтижеге бағытталған білім негізі» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырып, облыс, аудан көлемінде жоғары деңгейде бағаланды. Смайлова Гүлбанудың басшылығымен мектепте «ОҮӘЖ» технологиясы бойынша көшпелі курс ұйымдастырылып, 27 мұғалім өз білімін жетілдірді. Педагогикалық технологияны жүйелі пайдалану нәтижесінде Смайлова Гүлбанудың 2012 жылы 4-сыныптың қазақ тілі пәніне арналған «Жаңа технологияның тиімді қолданысы» тақырыбында әдістемелік құралы жарық көрді. 2013 жылы «Педагогикалық инновациялар – оқытудың тиімділігін арттыру, білім беру үрдісін жетілдірудің негізі» тақырыбында облыстық семинарда жоғары дәрежеде ашық сабақ көрсетіп, облыстық оқу орталығының сертификатына ие болды. Осы жылы «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты білім беру қызметкерлерінің І республикалық педагогикалық оқуының республикалық кезеңінде І орын иеленіп, 75000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Баяндамасы жинаққа еніп, республика көлемінде әріптестеріне ұсынылды. 2014 жылы «Ұлағатты ұстаз» атты ІІІ Республикалық оқытушылар сайысында «Сабақ» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. 2014 жылдың 28 ақпанында Астана қаласында өткен «Ұстазға жаңа талап» Республикалық ғылыми – әдістемелік конференцияға қатысып, қатысушы сертификатын иеленді. Баяндамасы жинаққа енді. 2014 жылы «Менің инновациялық сабағым» атты І Халықаралық оқытушылар сайысында ІІ орынды иеленді. Жұмысы электронды жинаққа енді. 2014 жылы «Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс» атты республикалық байқауда ІІІ орынды иеленді. 2014 жылы «Педагогический олимп» атты республикалық конкурста ІІІ орынды иеленді. 2014 жылы «Білім беру технологиялары мен әдіс- тәсілдерін қолдану жолдары» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізді. Смайлова Гүлбануға аталған семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін облыстық оқу орталығының сертификаты берілді.                                                                                                                      

«Ұстаз - шәкіртімен ғана ұстаз» дейді халық даналығы. Шәкірт бойынан дарындықты айнытпай танитын, оған шабыт беріп, биік шыңға жетелейтін қасиеті ерекше. 2009 жылы оқушысы Сапаева Марал Ү «Ата – баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты бастауыш сынып оқушылары арасындағы ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде жүлделі бірінші орынды иеленіп, жұмысы облыстық «Ұстаз үні» газетінде жарық көрді. 2011 жылы аудандық «Поэзия менімен егізбісің? ...» атты Мұқағали оқулары байқауында оқушысы Жұмабай Нұрсәуле жүлделі І орынды иеленді. 2012 жылы «Ақбота – 2012» интеллектуалдық марафонда оқушысы Батырхан Мұхамметсалих жүлделі ІІ орынды иеленді. 2014 жылы оқушысы Құрымбай Нұркен Республикалық бастауыш сыныптар оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстар байқауына қатысып,«EVEREST» оқу-білім   орталығының Дипломын иеленді. 2015 жылы оқушысы Құрымбай Нұркен Халықаралық қашықтық олимпиадасында математика пәні бойынша І орынды иеленіп, «Инфоурок» жобасының І дәрежелі Дипломын иеленді.

2014 жылдың 27 қыркүйегі мен 2015 жылдың 7 маусымы аралығында мектеп директорларының Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Республиканың жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсынан өтті.

      Парасаты мен пайымы жоғары ұстаз кез-келген мұғалім жете бермейтін биіктерге қол жеткізді. Ұстаз - бүгінгі күні білім беру саласына қосқан еңбегі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекттік университетінің ғылыми кеңесі мақұлдаған Республикалық «Мәртебелі маман» (2014 жыл) және «Сырдария ауданына 90 жыл» (2018 жыл)  медальдарының иегері . Әрине, бұл – қажымас қайрат пен тынымсыз еңбектің арқасы. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив